Бүгін ШҚО-да күн райы құбылмалы болады
depositphotos.com
16 шілде күні Шығыс Қазақстан облысында қолайсыз ауа райы болжанып отыр. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК ШҚО филиалына сілтеме жасап Altainews.kz тілшісі хабарлайды.
Синоптиктердің мәліметінше, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-шығысқа ауысып, аталған аймақтарда екпіні секундына 23 метрге дейін жетуі ықтимал.
Облыстың оңтүстігінде 35 градусқа дейін қатты аптап ыстық күтіледі.
Құтқарушылар халықты сақтық шараларын сақтауға шақырады:
-
найзағай кезінде үйде болыңыз, барлық электр құрылғыларын өшіріп, пайдаланбауға тырысыңыз;
-
көшеде металл қоршаулардың, төбелер мен ток өткізгіш нысандардың жанында тұрмаңыз;
-
қатты жел соққан жағдайда тербеліп тұрған заттардан, сымдардан алыс жүріңіз, аялдамалар мен ағаштардың астына жасырынбаңыз.
Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарласуға болады.