KZ
Өскемен
+19°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, Ю
511.92 588.91 6.44

Бүгін ШҚО-да күн ыстық болады

depositphotos.com

11.06.2025, 08:00 66 Ержан Әбіш

Бүгін Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. «Қазгидромет» РМК деректеріне сүйенсек, таңғы уақытта ауа температурасы +17°C шамасында болса, күндіз +29°C-қа дейін көтеріледі, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Жел солтүстік-батыстан соғады. Жылдамдығы күндіз 5-10 м/с шамасында болады, облыстың кейбір аудандарында екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. 

Күндіз күн сәулесі белсенді болатынын ескере отырып, тұрғындарға тікелей күннің астында ұзақ уақыт болмауға кеңес беріледі. Күн сәулесінің күші әсіресе 12:00 мен 15:00 аралығында жоғары болады. Осыған байланысты жеңіл, ашық түсті киім киіп, бас киім мен күннен қорғайтын көзілдірік қолдану ұсынылады. Сонымен қатар ағзаның сусыздануын болдырмау үшін жеткілікті мөлшерде су ішу қажет.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу