KZ
Өскемен
+2°
плотный туман Штиль
521.53 601.01 6.43

ШҚО-да сейсенбі күні ауа райы қалай болады?

16.07.2019, 03:43 241

«Қазгидромет»  16 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі. 

Синоптиктердің сөзіне сенсек, республиканың басым бөлігі антициклон ықпалында болғандықтан жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

«Антициклон мен Ираннан келетін ыстық ауа массаларына байланысты Қазақстанның көп облысында ыстық және аптап ыстық ауа райы сақталады. Республиканың басым бөлігінде ауа температурасы климаттық нормадан 2-7 градусқа жоғары болады», – дейді мамандар.

Шығыс Қазақстанда күндіз 29-31 градус ыстық болса, түнде сынап бағанасы +19 градусқа дейін төмендейді. Өңірдің кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі, жел  жылдамдығы – 15-20 м/с. 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу