KZ
Өскемен
+19°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
480.11 532.25 5.14

Жел, бұршақ: ШҚО-да 3 шілде күні ауа райы қандай болады?

3.07.2020, 03:43 202

«Қазгидромет» мамандары 3 шілде күні ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Синоптиктердің сөзіне сенсек, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облысында жел күшейіп, бұршақ жауады. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге, екпіні 25 метрге жетеді. Ал Керекудің кей жерінде жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйтқып, күндіз бұршақ жаууы ықтимал.

Еліміздің өзге де өңіріндегі күн райы туралы:
Ақмола облысының бірқатар аумағында жел күшейіп, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, бұршақ жаууы ықтимал.
Қостанай облысында түнде және таң ата тұман түсіп, күндіз жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйтқиды.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде бұршақ жауады.
Жамбыл, Түркістан, Алматы, Қызылорда облыстарында жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Батыс Қазақстан облысында бұршақ жаууы мүмкін, түнде жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерінде аптап ыстық болады.
Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстары мен Алматы, Қарағанды облыстарының кей жерінде, Ақтөбе облысының оңтүстік бөлігінде, Атырау облысының батысында ерекше өрт қаупі сақталады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив