KZ
Өскемен
-3°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, ОШ
517.66 606.49 6.44

Құлынжон ауылында кәсіпкердің бастамасымен білім беру жобасы іске асуда - ШҚО

16.07.2025, 20:30 271 Ержан Әбіш

Шығыс Қазақстанда бизнес өкілдері әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға белсенді атсалысуда. Соның жарқын мысалы – BI Group компаниясы өкілінің туған жері Самар ауданының Құлынжон ауылында білім саласын дамытуға бағытталған бастамасы болып отыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кәсіпкердің қолдауымен аталмы ауылда жаңа форматтағы заманауи мектеп салынды. Бүгінде бұл жерде педагогтар жұмыс істеуде, сонымен бірге оқу үдерісіне шетелдік мамандар да тартылуда. Білім ошағы тек оқу орны ғана емес, балабақша, спорт секциялары, демалыс пен кездесуге арналған кеңістіктері бар нағыз комьюнити-орталыққа айналды. Желтоқсан айында спорт блогының құрылысын аяқтау жоспарланған.

BI Group компаниясы жүзеге асырып жатқан бұл жоба ыңғайлы, технологиялық, ашық әрі дамытушы заманауи ауыл мектебінің үлгісі болды. Мұндай нысандар өсудің, тартымдылықтың нүктесіне айналатыны анық және олар жас мамандардың ауылда қалуына ықпал етеді.

Сонымен қатар BI Group компаниясы оқушыларға арналған жатақхана салып, Бастаушы ауылындағы мектепті қайта жаңғыртуды жоспарлап, аталған бастаманы кеңейтуге дайын екенін білдірді.

Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов Бастаушы ауылындағы мектепті жаңғырту мүмкіндігін мұқият қарастыруды тапсырды. Ол білім мекемесі барынша жайлы болып, қазіргі заманғы стандарттарға сай болуы керектігін атап өтті.

«Туған жерін ұмытпай, жергілікті халықты жұмылдырып, ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтып, осындай жобаларды жүзеге асыратын кәсіпкерлер – өңірді дамытуға жауапкершілікпен қараудың жарқын үлгісі. Мұндай бастамалар қолдау тауып, үлгі болуға тиіс», – деді облыс әкімі.





Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу