Өскеменде «Үздік аула – 2025» байқауы өтеді
depositphotos.com
Өскемен қаласында тұрғындар арасында «Үздік аула – 2025» байқауы өтеді. Бұл бастама аулаларды абаттандыру жұмыстарын жандандырып, кондоминиум нысандарын басқарушы құрылымдардың белсенді өкілдерін ынталандыруға бағытталған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Қалалық әкімдіктің мәліметінше, байқау үш кезеңнен тұрады: өтінім қабылдау, материалдар жинау және қорытынды шығару. Өтінімдерді қабылдаумен аумақтық басқарма орталықтарының филиалдары айналысады.
Байқау мынадай номинациялар бойынша өтеді:
-
Үздік аула;
-
Үздік МИБ;
-
Үздік ҚС;
-
Үздік ПИК.
Қазылар алқасы аумақтың абаттандырылу деңгейіне, кіші архитектуралық формалар мен алаңшалардың жай-күйіне, көгалдандыру мен тазалыққа, шарттар мен есептіліктің болуына, сондай-ақ қысқы маусымға дайындыққа ерекше назар аударады.
Байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі 2025 жылғы 16 желтоқсанда өтеді.
Қосымша сұрақтар бойынша 8 (7232) 74-14-51 нөміріне хабарласуға болады.
Айта кетейік, бұл байқау тұрғын үй қорының күтімі мен қызмет көрсету сапасын арттыруға, қала келбетін көркейтуге және үздік тәжірибелерді кеңінен таратуға бағытталған.
Елизавета Седых