«Үздік дене шынықтыру педагогі – 2024» республикалық байқауы басталды
Фото: Жасанды интеллект
Щучинск қаласында «Үздік дене шынықтыру педагогі – 2024» республикалық байқауы салтанатты түрде басталды. Байқау еліміздің әр өңірінен жиналған 19 дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің біліктілігі мен шығармашылығын сынайды. Барлық қатысушылар аудандық және облыстық деңгейдегі іріктеу кезеңдерінен сүрінбей өткен үздіктер. Бұл байқау дене шынықтыру педагогтерінің шығармашылығын, кәсіби дамуын қолдап, еңбегінің беделін арттыруға бағытталған.
Байқау кезеңдері:
«Креативті педагог» – жаңа идеялар мен тың тәсілдерді көрсету.
«Қазіргі заманғы дене шынықтыру сабағы» – үздік сабақ өткізу әдістемесі.
«Үздік спорттық-бұқаралық іс-шара» – қатысушылардың ұйымдастырушылық қабілетін анықтау.
Жүлде қоры -1,5 млн теңге. Арнайы номинациялардың жеңімпаздарына 100 мың теңгеден сертификаттар табысталады.