KZ
Өскемен
-1°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, З
502.57 591.68 6.42

Шанхайда қазақстандық инновацияларды дамытатын жаңа хаб ашылды

28.07.2025, 12:30 231 Гульжан Мусина

Қытайдың Шанхай қаласында қазақстандық Khan Tengri Innovation Hub инновациялық орталығы іске қосылды. Бұл бастама қазақстандық Growth Vision Pro компаниясы тарапынан көтеріліп, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің, сондай-ақ өңірдегі жетекші технопарктер – Astana Hub (Қазақстан) пен IT Park Uzbekistan-ның қолдауымен жүзеге асырылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Жаңа хабтың мақсаты – қазақстандық стартаптарды шетелдік нарықтарға шығару, халықаралық инвесторлармен байланыс орнату және технологиялық ынтымақтастықты кеңейту. Сонымен қатар ол Қазақстан мен Қытайдың ІТ-секторы арасындағы әріптестікті нығайтып, стартаптарға Қытай нарығына шығуға жол ашады.

Khan Tengri Innovation Hub арқылы отандық жобалар жергілікті акселерациялық бағдарламаларға қатысып, өнімдерін халықаралық деңгейде таныстыруға мүмкіндік алады.

Цифрлық даму министрлігі бұл бастаманы қазақстандық инновациялық экожүйені жаһандық деңгейге шығарудың маңызды қадамы деп бағалайды.

Дереккөз: Цифрлық даму министрлігі

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу