ШҚО-да найзағай, аптап ыстық және өрт қаупі күтілуде
depositphotos.com
2025 жылғы 30 шілдеде Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және шығысында найзағай ойнап, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Сондай-ақ қатты жел мен аптап ыстық болжануда, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі облыстық «Қазгидромет» филиалына сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, солтүстік пен шығыста оңтүстік-шығыстан соғатын жел 15-20 м/с, кей жерлерде 25 м/с дейін жетуі мүмкін. Оңтүстікте күндізгі температура 36 градусқа дейін көтеріледі. Шығыста жоғары өрт қаупі, ал батыс пен оңтүстікте ерекше жоғары өрт қауіпі сақталады.
Өскемен қаласында күндіз найзағай күтіледі, жел екпіні 15-20 м/с болады.