KZ
Өскемен
-1°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, З
502.57 591.68 6.42

20 маусымда еліміздің көп бөлігінде жаңбыр, бұршақ және аптап ыстық күтіледі

20.06.2025, 09:30 248 Гульжан Мусина

«Қазгидромет» мамандарының мәліметінше, 20 маусым күні Қазақстанның көп бөлігінде найзағайлы жаңбыр жауады. Кей жерлерде қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсуі мүмкін. Ауа райының мұндай өзгеруіне циклон мен атмосфералық фронттар себеп болып отыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Солтүстік-батыс, солтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде жауын-шашын мол түсуі мүмкін. Жаңбырдан бөлек, күн күркіреп, кей жерлерде бұршақ жаууы да күтіледі. Ал оңтүстікте, әсіресе Жетісу, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарының кей бөліктерінде күн қатты ысиды. Кей өңірлерде ауа температурасы 35–38 градусқа дейін көтеріледі.

Ауа райымен бірге өрт қаупі де сейілмей тұр. Елдің көптеген өңірінде дала өртіне қатысты қауіп жоғары деңгейде сақталуда. Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе, Қарағанды және басқа да облыстарда өрт шығу қаупі өте жоғары.

Шығыс Қазақстан облысында кешкісін найзағай ойнап, кейбір аудандарда бұршақ жаууы мүмкін. Түнде найзағай облыстың батысы мен солтүстігінде байқалады. Күндізгі уақытта жаңбыр, жел және бұршақ қатар жүруі ықтимал. Оңтүстікте аптап ыстық болады, температура +37 градусқа дейін жетеді. Өскемен қаласында таңертең және күндіз жаңбырлы найзағай күтіледі, желдің екпіні 15–20 м/с-ке дейін күшейеді. Күндізгі температура +32 градус шамасында болмақ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу