Жаңа оқу жылы қарсаңында 500 мың оқушыға көмек көрсетілмек
Фото: gov.kz
2025-2026 оқу жылының қарсаңында елімізде «Жалпыға бірдей білім беру» қоры аясында оқушыларды мектепке дайындау жұмыстары жүргізілуде. Биыл 500 мыңнан астам балаға қолдау көрсетілмек, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
Қор дәстүрлі түрде жетім, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға, аз қамтылған және атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасы балаларына көмек береді. Сонымен қатар, өмірлік қиын жағдайға тап болған балалар да назардан тыс қалмайды.
Көмек ата-аналардың есепшоттарына аударылады, бұл оларға мектеп формасын, аяқ киім және кеңсе тауарларын өздігінен таңдауға мүмкіндік береді. 2025 жылы бір балаға берілетін ең төменгі сома көлемі – 46 228 теңге.
«Жалпыға бірдей білім беру» қоры жыл сайын мыңдаған баланың оқу жылына дайындалуына жағдай жасап келеді. Биыл бұл мақсатқа өткен жылғыдай көлемде қаржы қарастырылған.