Қандай отбасыларының балаларына 43 мың теңге бөлініп жатыр?
Фото: министрлік
Жалпыға бірдей білім беру қоры аясында әлеуметтік осал санаттағы балаларға жыл сайын қолдау көрсету жалғасуда. Мемлекеттік қолдау тетіктері туралы толығырақ Оқу –ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте айтып берді,- деп хабарлайды Altainews.kz сайтының тілшісі Оқу- ағарту министрлігінің сайтына сілтеме жасап.
Биыл Жалпыға бірдей білім беру қоры 500 мыңнан астам баланы қамтиды. Олардың қатарында АӘК алатын отбасылардағы мектеп оқушылары мен жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардың балалары, сондай-ақ жетім балалар мен төтенше жағдайға тап болған отбасылардың балалары бар.
Яғни, биыл жалпыға міндетті білім беру қорының қаражатын біркелкі бөлу мәселесі шешімін тапқан. Енді әрбір білім алушыға қаржылық қолдаудың ең төменгі мөлшері белгіленді, ол ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен болмауға тиіс. Биыл бұл көрсеткіш 43 407 теңгені құрайды, яғни материалдық көмектің мөлшері осы сомадан төмен болмауы керек.
Соңғы үш жылда материалдық көмек көлемі 2,5 есеге, яғни 17 мыңнан 43,5 мың теңгеге дейін өсті, бұл мемлекеттік қолдаудың артып отырғанын көрсетеді.