KZ
Өскемен
-2°
небольшой снег жел 3 м/с, З
525.11 546.74 4.88

Жаңа оқу жылында 500 мыңнан астам бала мемлекеттен қолдау алды

Фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігі

5.09.2024, 15:27 121 Айжанат Бақытқызы

Мемлекет әлеуметтік жағынан осал отбасылардағы 500 мыңнан астам балаға қолдау көрсетті. Биылғы жылы жалпыға бірдей білім беру қорынан ата-аналардың есепшоттарына 22,2 млрд теңгеден астам қаражат аударылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қолдау атаулы әлеуметтік көмек алатын, табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардағы оқушыларға, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, сондай-ақ төтенше жағдайлар салдарынан шұғыл көмекке мұқтаж отбасылардағы мектеп оқушыларына көрсетілді.

Жергілікті атқарушы органдардың ақпараты бойынша, өтініш бергендердің 100 пайызы мемлекеттен қаржылай көмек алған.

«Бұған дейін Оқу-ағарту министрлігі көмек көрсету механизмін, оның ішінде ата-аналардың есепшоттарына ақша аударуды жетілдіру бойынша шаралар қабылдаған болатын. Бұл шара ата-аналар мен балаларға киім-кешек пен оқу құралдарын жеткізушілерді өз бетінше таңдауға мүмкіндік берді, осылайша сапасыз тауарларды алуды болдырмайды. Биылғы жылы әрбір оқушыға орташа есеппен 45 мың теңге шамасында қаражат бөлінді», - деп атап өтті Балалардың құқығын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Юлия Овечкина.

Сондай-ақ, Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен жыл сайын өткізілетін «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы аясында ондаған мың отбасы демеушілердің көмегіне ие болды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу