KZ
Өскемен
-32°
туман жел 2 м/с, С
512.16 594.72 6.57

Жаңа туған сәби ТЖМ тікұшағымен шұғыл түрде облыс орталығына жеткізілді

3.08.2025, 18:00 305 Ержан Әбіш

 

Төтенше жағдайлар министрлігінің «Қазавиақұтқару» экипажы медициналық авиация желісі бойынша Риддер – Өскемен бағытымен рейс орындады. Ұшу жаңа туған ұл баланы ауруханаға жеткізу үшін ұйымдастырылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Тікұшақты ұшқыш-командир Дулат Ахметов пен екінші пилот Азамат Қабден басқарды.

Экипаждың және санитарлық авиация мамандары Жұлдыз Әбілова мен Лариса Величконың үйлесімді жұмысының арқасында рейс сәтті өтті, ал кішкентай науқас аман-есен медициналық мекемеге жеткізілді.

Фото/видео: ШҚО ТЖД

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу