ШҚО әкімі негізгі азық-түлік бағаларын бақылауда ұстауды тапсырды
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов кеңес барысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуіне жол бермеу жөнінде тапсырма берді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Алайда статистикалық деректерге сәйкес, Шығыс Қазақстан облысында жұмыртқа, тұз, сары май, тауық еті сияқты күнделікті тұтынатын бірқатар өнімдердің бағасы өскені байқалады. Сонымен қатар картоп, сәбіз, қырыққабат және пияз бағасының төмендеуі тіркелді.
Облыс әкімінің айтуынша, бағаны тежеу мақсатында халық пен өндірушілерді нарықтағы тұрақсыздық жағдайында қолдауға бағытталған қаржылық, әкімшілік және ұйымдастырушылық шараларды қамтитын кешенді жоспар әзірленген.






