KZ
Өскемен
-38°
туман жел 1 м/с, С
512.16 594.72 6.57

Жаңа оқу жылында елімізде 83 жаңа мектеп ашылады

altainews.kz

13.08.2025, 11:00 222 Төлеуғазы Жансая

Елімізде мектеп инфрақұрылымын жаңарту және кеңейту жұмыстары ауқымды жүріп жатыр. Бұл — Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында жүзеге асырылып жатқан ауқымды жоба, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың айтуынша, қазір өңірлерде 267 мың орынға арналған 232 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Соның ішінде жаңа оқу жылы басталғанға дейін 115 мың орындық 83 мектеп оқушыларды қабылдауға дайын болады. Жыл соңына дейін тағы 140 мың орынға арналған 111 мектептің құрылысы аяқталмақ.

Мектеп салумен қатар биыл 190 мың оқушыға арналған 245 мектепте ауқымды жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Оның 60 пайызы ауылдық жерлерде орналасқан. Жаңа оқу жылына дейін 99 мың оқушыға арналған 127 мектептің реновациясы толық аяқталады.

– Білім беру инфрақұрылымын дамытудың басты басымдығы – балалар үшін жайлы және қауіпсіз оқу ортасын құру. Бұл жұмыстардың уақытылы және сапалы орындалуы жергілікті атқарушы органдардың тікелей жұмысына байланысты, – деді министр.

Келесі жылы да бұл бағыттағы жұмыс бәсеңдемейді. 2025 жылы 69 мыңнан астам оқушысы бар 1000-нан астам ауыл мектебі жаңғыртылып, 680 мектепке шамамен 1100 заманауи пәндік кабинет орнатылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу