KZ
Өскемен
-6°
плотный туман жел 1 м/с, С
508.3 592.17 6.63

Өскеменнің Қазақстан көшесіндегі саябақ аумағына жарық шамдары орнатылады

Фото: Өскемен қаласы әкімдігінің видеосынан скриншот

21.08.2025, 19:00 210 Ержан Әбіш

 

Өскеменде Қазақстан көшесінің бойындағы саябақ аймағында кабель желілерін тарту және шам орнату жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Аталған саябақ аймағы Ертіс өзенінен өтетін көпір мен Республика алаңын жалғайды. Аудан аумағын абаттандыру жобасы аясында көгалдандыру, тротуар төсеу, жарық шамдарын, орындықтар мен шағын сәулет нысандарын орнату қарастырылған.

– Қазіргі кезеңде кабельдік желіні тарту және жаңа саябақ шамдарын орнату жұмыстарын жүргізіп жатырмыз, – деді «Горсвет Ltd» ЖШС бас инженері Максим Сидоров.

Оның айтуынша, монтаж жұмыстары үш кезең бойынша атқарылады. Бірінші кезеңді қала күніне (30 тамыз) дейін аяқтау жоспарланған. Үшінші кезең қыркүйек айының соңына қарай бітеді.

– Қазірдің өзінде 100-ден астам жарық нүктесі орнатылды. Жұмыстар кестеге сәйкес, уақытылы орындалып жатыр, ешқандай өзгеріс күтілмейді, – деп толықтырды Максим Сидоров.

Айта кетейік, жаңа саябақ аймағы қаланың орталық бөлігінде орналасқан. Аталған абаттандыру жобасын қала әкімдігі қолға алған.

2025 жылдың ақпанында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов бұл бастаманы қолдап, учаскені ретке келтіріп, тұрғындарға қолайлы орта жасау қажеттігін атап өткен еді.

Елизавета Седых

Видео: Өскемен қаласы әкімдігі

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу