KZ
Өскемен
-5°
плотный туман жел 2 м/с, З
479.71 533.77 5.16

Өскемен: Биыл қай көшелер жарықтандырылады?

13.03.2023, 14:50 278 Ләззат Қанатқызы

Биыл облыс орталығында жаңадан 2600 жарық шамы, 1890 тірек және 63 шақырымнан астам кабельдік желі орнатылмақ.

Қала көшелерін жарықтандыруды жаңғырту бойынша жоба өткен 2022 жылдан бастап жүзеге асырылған болатын. 420-дан астам көшеде жаңа жарықдиодты шамдар орнатылып,  12 800-ден астам шам монтаждалған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Биыл жобаның екінші кезеңі бойынша қала көшелері мен қалаға кіреберістегі төрт жолда 17 ірі жарықтандыру магистралін жасау жоспарланған.

Атап айтқанда:

Әуезов даңғылын жарықтандыруды күшейту - 120 жарық нүктесі;

Сәтбаев даңғылынан Болатов емханасына дейінгі жол - 31 жарық нүктесі;

Жеңіс және Әуезов даңғылдарының арасындағы Крылов көшесінің учаскесі - 39 жарық нүктесі;

Шәкәрім даңғылында (Абай даңғылынан Белинский көшесіне дейін) жарықтандыруды күшейту - 86 жарық нүктесі;

Согра көшесінің бойындағы технологиялық жол - 123 жарық нүктесі;

Защитадан Гаваньға дейінгі айналма жол – 146 жарық нүктесі;

Соградан Радуга кентіне дейінгі жол - 120 жарық нүктесі;

Алматы тас жолынан Тоғас көшесіне дейінгі жол – 380 жарық нүктесі;

Сәтбаев даңғылы мен Джек Лондон көшесі арасындағы Самар тас жолының учаскесі - 152 жарық нүктесі;

Славский жағалауындағы саябақ шамдарын ауыстыру - 341 жарық нүктесі;

Протозанов жағалауындағы саябақ шамдарын ауыстыру - 350 жарық нүктесі;

Нұрлы Жол саябағындағы саябақ шамдарын ауыстыру - 250 жарық нүктесі;

Семейге қарай шығатын жолды жарықтандыру – 113 жарық нүктесі;

Риддерге қарай шығатын жолды жарықтандыру - 60 жарық нүктесі;

Үлбі тауына қарай шығатын жолды жарықтандыру - 110 жарық нүктесі;

Алтай ауданына қарай шығатын жолды жарықтандыру - 135 жарық нүктесі.

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив