KZ
Өскемен
-20°
туман жел 1 м/с, С
502.47 525.83 5.68

Өскемен жайлы бола түспек: жаңа саябақ аймағы ашылады (Видео)

Кеше, 18:09 336 Төлеуғазы Жансая


Өскеменде жаңа саябақ аймағы бой көтереді. Ол Ертіс көпірінен Республика алаңына дейін созылмақ. Бұл жобаны қала әкімдігі бастамашылық етті.  Оның мақсаты – тұрғындарға жайлы қоғамдық кеңістік қалыптастыру, деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі.

Көркейту жұмыстары аясында көгалдандыру жүргізіліп, тротуарлар төселеді, жарық шамдары, орындықтар мен шағын сәулет нысандары орнатылады. Жаңа саябақ аймағы әр жастағы тұрғындарға демалыс орны болмақ.  
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов жаңа қоғамдық кеңістіктің қажеттілігін атап өтті. 

– Бұл аумақта демалысқа арналған жағдай жоқ, жаяу жүргіншілерге арналған орын қарастырылмаған. Қаланың қақ ортасында мұндай жағдайдың болуы дұрыс емес. Біз бұл жерді халық үшін ыңғайлы демалыс аймағына айналдыруымыз керек, – деді Нұрымбет Аманұлы.  

Облыс әкімі қала тұрғындарының жайлылығы мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігіне ерекше мән беру қажет екенін атап өтті. Қазір Назарбаев даңғылында жаяу жүргіншілерге қауіп төндіретін мұз сүңгілерін тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Температураның ауытқуына байланысты көпқабатты үйлер мен ғимараттардың шатырында мұз қатпарлары түзіліп, қауіп төндіреді.  
Бұл жұмыс ПИК (пәтер иелері кооперативі), басқару ұйымдары мен қызмет көрсетуші мекемелердің жауапкершілігінде болғанымен, облыс басшылығы да жағдайды бақылауға алды. Шатырларды мұздан тазартумен айналысатын арнайы бригадалар ұйымдастырылды.  
Көркейту жұмыстарының тағы бір маңызды бағыты – көше жарықтандыруын жаңарту. Әуезов көшесінде жаңа жарық шамдары орнатылады, бұл қозғалыс қауіпсіздігін арттырумен қатар, қаланың жайлылығын да қамтамасыз етеді.  

– Егер бұл көшеге мұқият қарасақ, жарық шамдарының арақашықтығы тым алшақ екенін көруге болады. Олар тиісті жарықтандыруды қамтамасыз етпейді. Бұл аумақта қосымша жарық нүктелерін орнату қажет, – деп атап өтті аймақ басшысы.


Ержан Әбіш

Фото: Нелли Петенева

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу