KZ
Өскемен
-20°
плотный туман Штиль
501.02 597.27 6.59

Өскеменде полицейлерге арналған мурал пайда болады

7.09.2025, 14:00 262 Ержан Әбіш

Өңір орталығында Гагарин бульвары, 12 мекенжайындағы үйдің қабырғасына жаңа мурал салына бастады. Ол құқық қорғау органдарына арналмақ, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Жұмыстар осы аптада басталды. Қазірдің өзінде қабырғада әскери формадағы ер адамның сұлбасы көрінеді, ал фон көгілдір түспен безендірілген. Суретшілер күннің шуағын, қалықтап ұшқан қыранды бейнелеп, #біздіңполиция хэштегін жазып жатыр. Мұның бәрі Мемлекеттік туды еске салатын көрініс қалыптастырады.

Жаңа сурет бұған дейін қабырғада бірнеше жыл бойы тұрған салт атты батыр мен жануарларды бейнелейтін муралды алмастырмақ. Жұмыстың барысына қарағанда ескі сурет толықтай боялып жабылады.

Жаңа мурал патриотизм идеяларын және құқық қорғау органдарындағы қызметке құрметті насихаттауға ықпал етпек. Мұндай жобалар қала келбетінің маңызды бөлігіне айналып отыр – соңғы жылдары Өскеменде қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру және дамыту бағдарламасы аясында бірнеше арт-жоба жүзеге асуда. Қала көшелерінде өңір мен елдің тарихы, мәдениеті және қазіргі өмірін бейнелейтін жаңа стрит-арт нысандары пайда болуда.

Қала тұрғындары қасбеттің жаңаруын белсенді талқылап жатыр – бір бөлігі патриоттық тақырыпты орынды десе, екіншілері ескі суреттің жоғалатынына қынжылыс білдіруде.

Дамир Омаров

Фото: Махаббат Ахметжанова

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу