KZ
Өскемен
-27°
туман жел 1 м/с, С
509.63 592.34 6.54

2028 жылға дейін 32 шекара бекеті жаңартылады

depositphotos.com

10.09.2025, 19:00 244 Төлеуғазы Жансая

Қазақстанда транзиттік жүк тасымалын жеңілдетіп, «жасыл дәліз» қағидаты бойынша барлық жағдай жасау тапсырылды. Осыған байланысты алдағы үш жылда ел аумағындағы 32 шекаралық өткізу бекеті кезең-кезеңімен жаңғыртылмақ, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі 24.kz сілтеме жасап.

Биылдың өзінде сегіз бекетке жөндеу жүргізіледі. Мәселен, Батыс Қазақстан облысында Ресеймен шектесетін алты нысан бар. Соның ішінде ең ірісі – «Тасқала» бекеті тамыз айының басынан бері жабық тұр. Құрылыс аяқталған соң мұнда тәулігіне 10 мыңға дейін адам, 5 мыңға дейін көлік өте алады. Бұрын бұл көрсеткіш тиісінше 6 мың және 3 мың болатын. Сондай-ақ, заманауи рентген аппараты орнатылады. Жобаның жалпы құны – 21 млрд теңге.

Келесі жылдары басқа бекеттер де кезекпен жаңартылады.

«Сырым» бекетінің мысалында-ақ тиімділікті байқауға болады. Бұрын тәулігіне 3 мыңға жуық көлік өтсе, жөндеуден кейін бұл көрсеткіш екі есеге артты. Әзірге жеңіл көліктер мен автобустарға шектеу қойылып, олар басқа бекеттерге бағытталды. Ал жүк көліктерінің өткізілуі тәулігіне 500-ге дейін азайтылды», – деді «ҚазАвтоЖол» өкілдігінің бөлім басшысы Данияр Дүйсенғалиев.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу