KZ
Өскемен
-10°
небольшой снег жел 5 м/с, З
517.66 606.49 6.44

Мемлекет басшысы: Парламенттік республикаға айналу мәселесі күн тәртібінде тұрған жоқ

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
11.09.2025, 15:30 226 Төлеуғазы Жансая

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Бейбітшілік пен құқыққа негізделген болашақ» атты конституциялық сот төрелігінің халықаралық форумына қатысушылармен жүздесті. Кездесуде Президент жуырда жариялаған Қазақстан халқына Жолдауындағы басты басымдықтарға тоқталды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

– Жолдауда біздің жаңғыруға, инновацияға, орнықты дамуға, ғаламдық күн тәртібіндегі Қазақстанның беделін нығайтуға, халықаралық ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін ілгерілетуге қатысты ұстанымымыз көрініс тапты. Шетелдік серіктестеріміздің осы басымдықтарды айқын түсінгені өте маңызды деп санаймын. Басты мақсат – Қазақстанды технологиялық тұрғыдан озық елге айналдыру. Сондықтан жасанды интеллектінің қолдану аясын кеңейту және жаппай цифрландыру жаңа ұлттық идеяға айналады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы Парламент жүйесінде алдағы уақытта болатын өзгерістерге тоқталды. 

– Ашығын айтқанда, бұл реформа саяси жүйеміздің институционалды базасын нығайтуды көздейді. Парламенттік республикаға айналу мәселесі күн тәртібінде тұрған жоқ. «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидаты сақталады. Жалпыұлттық референдум өткізу туралы ұсыныс бұл тұжырымдаманың өміршеңдігін көрсетеді. Еліміздің болашағына қатысты шешімдерді бірлесіп қабылдау қажет. Сол себепті мен саяси жоспарларымыз туралы алдын ала айтамын. Бұған дейінгі реформалар кезінде де, АЭС құрылысына қатысты референдум өткізгенде де осы ұстанымнан айныған жоқпыз, – деді Президент.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу