KZ
Өскемен
-3°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, СБ
522.38 612.6 6.54

Президент бүгін Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауын жариялайды

gov.kz

8.09.2025, 10:05 257 Төлеуғазы Жансая

Бүгін, 8 қыркүйек күні, сағат 11:00-де Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Санаулы сағаттан соң өтетін Жолдауда елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, саяси жаңғыруы және азаматтардың өмір сапасын арттыруға бағытталған негізгі міндеттер мен жаңа бастамалар айқындалады деп күтілуде.

Бұл құжат алдағы жылға мемлекеттік саясаттың басты бағдарын белгілейтін маңызды оқиға болып отыр. Президенттің Жолдауын Үкімет мүшелері, депутаттар, аймақ басшылары мен қоғам өкілдері тыңдайды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу