KZ
Өскемен
-7°
пасмурно жел 5 м/с, В
513.55 602.09 6.42

ШҚО-да халықаралық AI мектебі ашылады

25.09.2025, 19:00 198 Ержан Әбіш

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті Малайзияның ірі жоғары оқу орны – Universiti Pendidikan Sultan Idris (UPSI) және бірқатар жетекші мекемелермен ынтымақтастық жөнінде келісімге қол қойды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесуге университет ректоры Мұхтар Төлеген, академиялық құрылым өкілдері, ғалымдар және ҚР-дың Малайзиядағы елшісі Болат Сүгірбаев қатысты.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллектіні экономиканың барлық саласына енгізу қажеттігін атап өткен болатын. Осыған сәйкес Amanzholov University «AI-SANA» бағдарламасын іске асырып, студенттердің цифрлық дағдыларын дамытуға және Қазақстанда DeepTech-стартаптарды дамытуға үлес қоспақ. Бағдарламаға 100 мыңға жуық қатысушы тартылмақ.

UPSI ректоры профессор Dato’ Dr. Md Amin bin Md Taff-пен келіссөз нәтижесінде университет базасында халықаралық AI мектебін ашу туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар қос дипломды білім беру бағдарламалары енгізіледі;студенттер мен оқытушылар академиялық ұтқырлық аясында тәжірибе алмасады;ядролық физика, сутегі энергетикасы, инклюзивті білім беру және цифрлық трансформация бағытында бірлескен ғылыми жобалар іске асырылады.

ШҚУ ректоры Малайзияда Абай мәдени-білім беру орталығын ашуды да ұсынды. Бұл орталық қазақ тілін, мәдениеті мен философиясын халықаралық деңгейде таныстыруға арналмақ.

– Халықаралық AI мектебі тек аймақ үшін емес, бүкіл Қазақстан үшін жаңа сапалы білімнің бастауы болады. Университетіміз жасанды интеллект бағытын дамытып, шетелдік мамандарды тарту арқылы жаңа деңгейге шығуға ниетті, – деді Мұхтар Төлеген.

Сондай-ақ Amanzholov University делегациясы Малайзияның туризмді дамыту тәжірибесін зерттеп, оны аймақтың тарихи-мәдени мұрасын халықаралық деңгейде таныстыруға пайдалануды жоспарлап отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу