Биыл ирригация жүйелеріндегі су шығыны 250 млн текше метрге дейін азайды
depositphotos.com
Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті жүргізген қалпына келтіру жұмыстарының нәтижесінде биыл ирригациялық каналдардағы су шығыны жылына 250 млн текше метрге дейін қысқарды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Атап айтқанда, 8,47 шақырым канал, 11,2 шақырым коллекторлық-дренаждық жүйе және 27 ұңғыма реконструкциядан өткізілді. Бұл шаралар 95 мың гектар егістік алқабын суармалы сумен қамтамасыз етуді жақсартуға жол ашты.
– Су шаруашылығы мен ирригациялық жүйелерді дамыту үшін қазір 14 ірі жоба жүзеге асырылып жатыр. Олар 2026-2027 жылдары аяқталады. Бұдан бөлек, тағы 211 жобаның жобалау-сметалық құжаттары дайындалуда, – деді Су шаруашылығы комитетінің төрағасы Арсен Жақанбаев.
Оқи отырыңыз
Су ресурстары және ирригация министрлігі ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарының тізбесін кеңейтуді жоспарлап отырШҚО-да 50 шақырымнан астам суару арналары тазартылдыБүгін – Су шаруашылығы қызметкерлерінің күні2025 жылға дейін 2 мың шақырым канал тазартылмақКендірлік өзенінде су қоймасы салынады – министр