KZ
Өскемен
-19°
туман жел 1 м/с, С
510.18 601.91 6.51

Өскеменде балаларға жол қозғалысы ережелері шоу форматында түсіндірілді

30.09.2025, 19:00 188 Ержан Әбіш

Өскеменде жол қозғалысы ережелеріне арналған ерекше шоу-бағдарлама бастау алды. Интерактивті іс-шараны қала полиция басқармасы  әкімдікпен және «Юбилейный» кинотеатрымен бірлесіп ұйымдастырды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Шараның алғашқы күнінде 500-ден астам оқушы қамтылды. Балалар викториналарға қатысып, жолда қауіпсіз жүріп-тұру ережелерін ойын түрінде меңгерді. Бағдарлама соңында анимациялық фильм көрсетіліп, жас көрермендер полиция қызметкерлеріне өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.

– Мұндай кездесулердің басты мақсаты – балалардың жастайынан жол ережесін сақтаудың маңызын түсінуі. Жолдағы қауіпсіздік әрқайсымыздан басталады. Балалардың белсенділігі бізді қуантады, – деді ШҚО полиция департаменті бастығының орынбасары Рифхат Тауфиков.

Сонымен қатар кинотеатр алдындағы алаңда патрульдік автокөліктер мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге арналған арнайы техника көпшілік назарына ұсынылды.

Еске сала кетейік, ЖҚЕ-шоуы «Юбилейный» кинотеатрында 8 қазанға дейін күн сайын балалар мен ата-аналар үшін ашық болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу