ШҚО-ның "жас инспекторлары" жүргізушілерге үндеу жолдады
фото: Polisia.kz
Жол қозғалысының жас инспекторлары Шығыс Қазақстан облысының жүргізушілеріне үндеу жолдады.
«Қауіпсіз жол» жедел шарасы аясында «Aq jol» балалар-жасөспірімдер клубында жол қозғалысы жас инспекторларының қатысуымен тікелей эфир ұйымдастырылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Жас сақшылар жүргізушілерді қауіпсіздік қағидаларын сақтауға шақырды. Кішкентай жаяу жүргіншілердің жолда мұқият бола бермейтіндіктерін еке салып, балалар мекемелері маңайында жылдамдықты төмендету қажеттігін атап өтті.
Polisia.kz сайтының ақпаратына сүйенсек, 2022 жылы Шығыс Қазақстан облысында болған 101 жол оқиғасында кәмелеттік жасқа толмағандар зардап шеккен. Осының ішінде тек үш жағдайда ғана балалардың өздері кінәлі болғанын айтуымыз керек.
Іс-шара соңында ШҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Андрей Ларионов жолдағы қауіпсіздік тәртібі ережелері бойынша өткен олимпиада жүлдегерлерін марапаттады.