KZ
Өскемен
-1°
пасмурно Штиль
494.87 520.65 4.91

Өскеменде 3 күн ішінде 600-ге жуық адам жол ережесін бұзды

25.11.2019, 08:44 157

Өскеменде 3 күн ішінде 600-ге жуық адам  жол қозғалысы ережесін бұзды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Полиция басқармасы 21-23 қараша аралығында қала аумағында «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізді.

– Осы уақыт ішінде жол қозғалысы ережесін бұзған 563 адам ұсталды, – деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметі.

Айталық мас күйінде көлік жүргізгендер саны – 4, жолдың қарсы бағытына шығып кеткендер – 3, қауіпсіздік белдігін  тақпағандар – 58, жаяу жүргіншілерге бермегендер – 37, көлік рульінде телефон пайдаланғандар – 56, бұрылу ережелерін бұзғандар – 24, ереже бұзған жаяу жүргіншілер – 132, бағдаршамның тыйым салынған сигналына өтіп кеткендер саны – 10. Сондай-ақ теміржол өткелдерінен өту ережелерін 1 адам, көлік басқару құқығы жоқ бола тұра, машина жүргізген 1 адам жауапкершілікке тартылды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу