KZ
Өскемен
-8°
плотный туман жел 1 м/с, С
505.53 593.44 6.34

Елімізде 314 мың бала қосымша білім беру ваучерін алды

Фото: gov.kz

1.10.2025, 13:00 181 Арайлым Орсаринова

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2025 жылдан бастап Қазақстанда қосымша білім беру ұйымдарына ваучерлік қаржыландыру жүйесі кезең-кезеңімен енгізілуде, деп хабарлайды Altainews.kz сайтының тілшісі Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Біріңғай мемлекеттік тапсырысты орналастырудың пилоттық жобасы қазіргі таңда Астана, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қызылорда және Шымкент қалаларында іске асырылуда. Жобаның негізгі мақсаты – оқушыларды шығармашылық, спорттық және білім беру бағытындағы тегін үйірмелер мен секциялармен кеңінен қамту.

«Бүгінгі күні 314 мыңнан астам бала қосымша білімге ваучер алды. Ата-аналар өз балалары үшін үйірмелер мен секцияларды өздері таңдай алады. Қажет болған жағдайда құжаттарды қайта тапсырусыз үйірмені өзгертуге мүмкіндік бар. Бұл ретте ваучердің күші жойылмайды», – деді Тәрбие және қосымша білім беру департаменті басқармасының басшысы Алтай Рахимберлин.

Қаржыландыру «бір бала – бір ваучер» қағидаты бойынша жүзеге асырылады. Мұндай тәсіл барлық оқушылар үшін тең мүмкіндік жасап, жүйенің ашықтығын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, бюджет қаражатының мақсатсыз пайдаланылуына жол бермейді.

Айта кетейік, жоба Оқу-ағарту, Мәдениет және ақпарат, Туризм және спорт, сондай-ақ, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрліктерінің бірлесуімен іске асырылуда.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу