KZ
Өскемен
-9°
пасмурно жел 2 м/с, ОШ
516.13 538.01 5.29

Ваучерлік қаржыландыру: жүйе қалай жұмыс істейді және оның артықшылықтары қандай?

pixabay.com

15.01.2025, 14:00 521 Төлеуғазы Жансая

2024 жылдан бастап Қазақстанда мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы мемлекеттік тапсырысты орналастыру үшін ваучерлік қаржыландыру әдістемесі енгізілді. Бұл пилоттық жоба Тараз, Түркістан, Шымкент, Орал және Астана қалаларында жүзеге асуда,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Ваучерлік қаржыландыру әдісі мемлекеттік қаржыны балаға тікелей бөлу принципіне негізделген. Бұл жүйе арқылы ата-аналар балабақшаны өздері таңдай алады, яғни, бала мектепке дейінгі ұйымды таңдауда толық еркіндікке ие болады. Бұл кезекте мектепке дейінгі ұйымдар арасында сапалы қызмет көрсету үшін бәсекелестік туғызып, халықтың таңдауы бойынша ең үздік балабақшалар алға шығады.

Артықшылықтары:

  1. Ашықтық пен адал бәсекелестік: Ваучерлік қаржыландыру жүйесі балабақшалардың жұмысын айқын етіп, қаржыландыру процесінің ашықтығын қамтамасыз етеді. Мұнда қаржы ұйымға емес, балаға беріледі, яғни ата-аналар өздерінің балаларын қандай білім беру мекемесінде тәрбиелеуге болатындығына толықтай өз таңдауларын жасай алады.
  2. Қызмет көрсету сапасын жақсарту: Ваучерлік жүйе жеке және мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдар арасында дұрыс бәсекелестікті ынталандырады. Бұл, өз кезегінде, қызмет көрсету сапасының артуына әкеледі.
  3. Құқықтық тәртіптің жақсаруы: Ваучерлік қаржыландыру жүйесі балабақшаға кезекке тұру рәсімін жеңілдетіп, заңсыз факторларды жояды. Бұған дейінгі қиындықтар мен күмәнді жағдайларды алып тастайды.

2025 жылдан бастап ваучерлік қаржыландыру жүйесі Қазақстанның барлық аумағында кезең-кезеңімен енгізіле бастайды. Бұл жүйенің кеңейтілуі елдегі мектепке дейінгі білім беру саласын оңтайландыруға, балабақшалардағы қызмет сапасын арттыруға және ата-аналардың білім беру мекемелерін таңдау мүмкіндігін кеңейтуге мүмкіндік береді.

Дереккөз: ҚР Оқу-ағарту министрлігі

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу