KZ
Өскемен
-16°
небольшой снег жел 7 м/с, СБ
517.66 606.49 6.44

Қазақстанда мектепке дейінгі білім беру 95%-ға артады

Фото: pixabay.com

5.03.2025, 16:00 986 Гульжан Мусина

Қазақстанда мектепке дейінгі білім беру жүйесі қарқынды дамып келеді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2023-2027 жылдарға арналған жоспар бекітілді, деп хабарлайды Altainews.kz  тілшісі ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2025 жылға дейін 2-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 95%-ға жеткізіледі. Бұл мақсатта қосымша 64 мың жаңа орын ашу жоспарланған.

Балабақшалар саны жаңадан салу, қайта құру, шағын орталықтар ашу және ваучерлік қаржыландыру жүйесі арқылы артады. Қазіргі таңда ата-аналарға 99 мың ваучер берілді.

2027 жылға дейін мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 300 мың жаңа орын ашу көзделген. Бүгінде 1 миллионға жуық бала 11,6 мың балабақшаға барады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу