Ішкі нарықты отандық өніммен барынша қамтамасыз ету қажет – ҚР Үкіметі
ҚР Үкіметі
Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында инфляция деңгейін төмендету бағытында жүзеге асырылатын негізгі шараларды атады. Әсіресе тұтыну бағаларын тұрақтандыру және тұтынушылық несие беру ісін реттеу мәселесіне баса назар аударылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
«Инфляция үшін тұтыну бағаларын тұрақтандыру жұмысын күшейту керек.
Премьер-министр бұл бағытта бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.
Өңірлерде инфляцияға қарсы шаралар шеңберінде бағаны негізсіз көтеруге жол бермеу, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қорларын толықтыру және нарыққа сұранысқа ие отандық тауар өндірушілердің өнімдерін арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасуда.