KZ
Өскемен
-2°
пасмурно жел 1 м/с, С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Азық-түлік бағасын тұрақтандыра алмаған шенеуніктер жазаға тартылады – Бақыт Сұлтанов

2.03.2021, 13:23 123

Жыл басынан бері Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 2,4%-ға қымбаттады. Бұл туралы Үкімет отырысында Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.


«Бәрінен бұрын импортқа тәуелді өнімдер, жоғары экспорттық сұранысы бар тауарлар, сондай-ақ маусымаралық кезеңде дәстүрлі түрде қымбаттайтын көкөністер бағаның өсуін көрсетті. Олардың жалпы өсімге қосқан үлесі 2 пайызды құрады», - деді Бақыт Сұлтанов.

Министр азық-түлік тауарларының бағасы өндіріс пен тұтыну теңгеріміне ғана емес, импортталатын және экспортталатын өнімнің үлесіне де байланысты екенін атап өтті. Осыған байланысты ол Ауыл шаруашылығы министрлігіне өңірлердегі атқарушы органдарымен бірлесіп, өндірісті барынша арттыруды тапсырды.

«Тұрақтандыру қорларының көлемі жеткіліксіз, яғни 3,7 млрд теңге сомасына 25,4 мың тонна қалыптасты. Олардың араласуы жалпы тұтынудың 0,2%-дан 1,4 пайызына дейінгі көрсеткіште. Бұл іс жүзінде бағаға тиісті әсер етпейді. Тұрақтандыру қорларының өздері де тиімсіз қалыптасуда», - деп атап ведомство басшысы.

Бақыт Сұлтановтың айтуынша, нарықтық құралдар өз тиімділігін көрсетті.

«Бүгінде жергілікті бюджеттен 21,9 млрд теңге бөлінді. Механизм тиімді, бірақ нарыққа айтарлықтай әсер ету үшін қаржыландыруды кеңейту қажет. Отандық өндірушілермен келісімшарттарды «қол режимінде» қоса отырып, желілерге арзандатылған кредиттерді 50 млрд теңгеге дейін ұлғайту қажет», - деп тапсырды ол.

Министр мемлекеттік қолдау шараларына қарсы міндеттемелерді белгілеу бойынша өңірлер мен тауарлар тұрғысынан жергілікті атқарушы органдар үшін нақты ұсыныстар әзірлеу қажеттігін айтты.

«Өңірлердің жұмысын талдау қорытындылары бойынша бірінші тоқсанда министрлік атқарылған жұмыс туралы ақпарат енгізеді. Нақты нәтижелер болмаған жағдайда, біз өңір әкімдерінің жетекшілік ететін орынбасарларын жауапкершілікке тарту туралы мәселеге бастамашы боламыз», - деп қорытындылады Бақыт Сұлтанов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив