«Батырлыққа бас иеміз»: Құтқарушылардың ерен еңбегі фотосурет өнерінде
Өскемен қаласында ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығына арналған ерекше фотокөрме ашылды. Экспозиция Оралхан Бөкей атындағы орталықтандырылған кітапхана жүйесінде ұйымдастырылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Көрмеде өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың күнделікті қызметі, ерлік пен адалдыққа толы сәттері бейнеленген. Әрбір сурет – адам өмірін сақтап қалу жолындағы жанқиярлықтың куәсі.
Фотокөрмені тамашалауға келген қала тұрғындары мен қонақтары кадрлардағы батылдық пен ар-намысты ерекше сезінетінін айтады. Экспозиция студенттерге де, қала қонақтары мен тұрғындарына да қызықты болмақ.
Ұйымдастырушылар көрмеге барша шығысқазақстандықтарды шақырады. Бұл – құтқарушылардың ауыр, бірақ абыройлы еңбегіне деген құрмет пен алғыс білдірудің тамаша мүмкіндігі.












