KZ
Өскемен
-22°
переменная облачность Штиль
518.39 603.09 6.68

«Құтқару – батырдың ісі»: Өскеменде құтқарушыларға арналған мурал ашылды

15.10.2025, 10:00 178 Базарова Айгүл

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығына орай Өскеменде құтқарушыларға арналған мурал ашылды. Бұл арт-нысан қауіп пен қатері қатар жүретін жауапты қызметтеріне көрсетілген құрмет, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

«Құтқару – батырдың ісі» туындысы облыс орталығының ең ірі әрі адам көп жүретін мөлтек аудандарының біріндегі көпқабатты тұрғын үйдің қасбетіне салынды. Құтқарушылардың жұмысы ең бірінші адам өмірін сақтауға бағытталғандықтан, муралда өрт сөндіру мен төтенше жағдайлар кезіндегі сәттер бейнеленген.

Салтанатты шара ШҚО ТЖД бастамасымен және қала әкімдігінің қолдауымен өткізілді. Суретшілер туындыны бірнеше күннің ішінде ауа-райына қарамастан мерзімінде аяқтады. Ашылу рәсіміне төтенше жағдайлар қызметінің ардагерлері мен департамент қызметкерлері қатысты.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу