Қазақстан үш жыл ішінде цифрлық елге айналмақ
Мемлекет басшысы Қазақстанды үш жыл ішінде толық цифрлық мемлекетке айналдыру жөнінде стратегиялық мақсат қойды. Осы бағытта Үкімет отырысында ақпараттық және телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту мәселелері қаралды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Үкіметке сілтеме жасап.
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ақпараттық және телекоммуникациялық инфрақұрылым саласын дамыту мәселесі талқыланды.
Премьер-министр еліміздің аумағын жылдамдығы жоғары интернетпен жаппай қамту арқылы ғана тиісті нәтижеге қол жеткізуге болатынын айтты.
Олжас Бектенов байланыс және интернет инфрақұрылымына жүктеменің күрт артуына қатысты мәселені операторлармен бірге мұқият пысықтауды тапсырды.
Сонымен қатар Премьер-министр ақпараттық жүйелердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етудің маңыздылығын ерекше атап өтті.
Оның айтуынша, ұлттық жоба 2027 жылға қарай елді жоғары жылдамдықтағы интернетпен және байланыс желілерімен 100% қамтуға мүмкіндік береді.