Қазақстан жаңа өнімнен 1,6 млн тонна астық экспорттады
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ мәліметтеріне сәйкес, 2025 жылғы 1 қыркүйектен 19 қазанға дейінгі кезеңде Қазақстан жаңа астық өнімінен 1,6 млн тонна астық экспорттады, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 14%-ға көп, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Экспорт көлемі негізінен Орталық Азия және Кавказ елдері бағытында артқаны байқалады делінген ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі таратқан ақпаратта. Мәселен, биыл Өзбекстанға шығарылған өнім көлемі 568 мың тоннадан 801 мың тоннаға өскен. Ал Тәжікстанға 245 мың тонна, ал Қырғызстанға 45 мың тонна жөнелтілген.
Сонымен қатар, Әзербайжанға экспорт 3,4 есеге, Ауғанстанға 28,6%, Түрікменстанға 66,7%-ға ұлғайған.