KZ
Өскемен
+12°
ясно жел 3,4 м/с, ОШ
479.05 534.57 5.17

Биыл еліміз кемінде 6 млн тонна астық экспорттайды

Фото: aikyn.kz

17.08.2023, 15:52 203

Биыл 6 айда Қазақстан Орталық Азия елдері мен Ауғанстанға 4,1 млн тонна астық экспорттады.

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.

- Қазақстанның бидайы мен ұнын дәстүрлі импорттаушылары - Орталық Азия елдері мен Ауғанстан. 2022 жылы аталған өңірлерге астық эквивалентінде 7,7 миллион тонна қазақстандық бидай мен ұн экспортталды. Бұл ретте, экспорттың 80,5 пайызы Өзбекстан мен Ауғанстанға тиесілі. 2023 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында өңірлерге 4 186 мың тонна астық эквивалентінде бидай мен ұн экспортталды, оның ішінде: Өзбекстанға – 2 345 мың тонна, Тәжікстанға - 428 мың тонна, Түрікменстанға - 259 мың тонна, Қырғызстанға - 7,6 мың тонна және Ауғанстанға - 1 146 мың тонна бидай, - деп атап өтті министрліктен.

Сонымен қатар министр 2023/2024 маркетинг жылында еліміз қанша тонна астық экспортқа шығаратындығына қатысты мәліметті жариялады.

- Егер соңғы 3 жылды алып қарасақ, еліміз 2020 жылы - 4,7 млн, 2021 жылы - 5,5 млн тонна және 2022 жылы 6,1 млн тонна бидай экспорттаған. Қазіргі кездегі экспортты дамыту іс-шараларын есепке ала отырып, 2023 жылдың экспорт көлемі 2022 жылдың көрсеткішінен кем болмауы тиіс деп санаймыз, - деді ведомстводан.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив