KZ
Өскемен
-39°
туман жел 1 м/с, З
512.16 594.72 6.57

Бір жылдың ішінде қазақстандықтар АПВ-ға қарсы 278 мыңнан астам профилактикалық екпе алды

22.10.2025, 16:30 200 Базарова Айгүл

2024 жылдың қыркүйегінен бастап Қазақстанда 11-13 жас аралығындағы қыздарға  адам папилломасы вирусына қарсы вакцинациялау басталды. Бүгінгі таңда елімізде 278,2 мыңнан астам профилактикалық егулер жүргізілді, оның ішінде бірінші дозаны 170 мың жасөспірім, екінші дозаны — 108,2 мың адам алды. Иммундаудан кейін жағымсыз көрініс жағдайлары тіркелген жоқ, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ақпаратына бойынша АПВ-ға қарсы вакцинациялауды тиімді енгізу мен мониторингті қамтамасыз ету үшін иммундау барысына тұрақты бақылау жүргізіледі.

Вакцина қауіпсіз, жақсы төзімді және алдын алудың тиімді әдісі ретінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынады.

АПВ-ға қарсы иммундау бағдарламасының негізгі мақсаты әйелдерді АПВ-ның негізгі қоздырғышы болып табылатын жатыр мойны обырынан, сондай-ақ гениталдың кандиломаларды, анус және жыныс мүшелерінің обырын қоса алғанда, басқа да онкологиялық аурулардан қорғау болып табылады.

АПВ-мен сырқаттанудың ауыртпалығын және вакцинациялаудың тиімділігін ескере отырып, 147 ел бұл вакцинаны өздерінің ұлттық иммундау бағдарламаларына енгізді және әлемнің 76 елі АПВ-ға қарсы әйелдер мен ерлерді вакцинациялайды.

🚀https://t.me/DenMinPR

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу