KZ
Өскемен
+9°
пасмурно жел 3 м/с, В
485.04 525.98 5.04

Катонқарағайда адам папилломасы вирусына қарсы екпені 47 қыз салдырды

depositphotos.com

Бүгін, 16:30 0 Айна Ескенқызы

Қыркүйек айының ортасынан бастап елімізде жатыр мойыны обырының негізгі қоздырушы факторы – адам папилломасы вирусына  (АПВ) қарсы он бір жастағы қыздарды жалпыұлттық вакцинациялау басталды. 

Катонқарағай ауданында қазір 47 жасөспірім қызға аталмыш екпе салынды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

– Республиканың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің Қаулысына сәйкес, он бір жасқа толған қыздарға жоспарлы түрде АПВ қарсы екпе салу науқаны жүріп жатыр. Катонқарағай ауданына осы мақсатқа 47 доза вакцина берілген, қазір оның 39 дозасы жасөспірім қыздарға салынды, енді сегіз дозасы бар, – деді Катонқарағай аудандық ауруханасының бас дәрігері Г.Сәкенова.

Естеріңізге сала кетейік, жатыр мойыны обыры вакцина салу арқылы алдын алуға болатын жалғыз онкопатология. Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің мәліметтері бойынша, облыста төрт жүзден астам қыз аталмыш вакцинаны салдырған. Екпе тек ата-аналарының келісімімен салынады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив