KZ
Өскемен
пасмурно жел 4 м/с, ОШ
491.71 529.97 5.05

Қыркүйекте 11 жастағы қыздарға адам папиллома вирусына қарсы екпе егіледі

Фото: bing.com

29.07.2024, 12:02 371 Жанаргүл Мұқатай

Алдағы қыркүйек айынан бастап елімізде 11 жастағы қыздарға  жатыр мойны обыры  вирусына қарсы екпе (АПВ) егіледі.  Екінші екпе осы жастағы қыздарға 6 айдан кейін салынады. Облыста 11 жастағы  5025  қыз бала бар, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

 Дүние жүзі бойынша  АПВ вакцинациясы-жатыр мойны қатерлі ісігінің алдын алудың ең тиімді әдісі саналады.  Бұл вакцина 135 мемлекеттің ұлттық екпе күнтізбесінде бар.

– Қазақстанда жылына  1900 жатыр мойын обыры тіркеледі. Жылына 600 әйел осы аурудан көз жұмады Жатыр қатерлі ісігі -жатыр мойны эпителийінде пайда болатын қатерлі ісік. Осы аурумен ауыратын науқастардың денесінде жағдайлардың басым көпшілігінде адам папилломавирусы, дәлірек айтқанда оның онкогендік штамдарының 16-ы және 18-і түрі кездеседі. Олар онкологиялық патологияны тудыратыны ғылыми дәлелденген. Вакцина вирустың онкогендік штамдарынан қорғайды, сондықтан бүкіл әлемде жатыр мойны қатерлі ісігінің алдын алудың ең тиімді әдісі болып саналады, – дейді облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәуле Слямғазина.

Адам папилломавирусына қарсы вакцинация жыныстық өмір басталғанға дейін жасалуы керек, сондықтан Еуропа елдерінде 9 жастан 11 жасқа дейінгі қыздар вакцинация алады. Қазақстанда ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен 2023-2027 жылдарға арналған онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі кешенді жоспарға сәйкес осы жылдың қыркүйек айынан бастап АПВ-ға қарсы вакцинация да қолжетімді болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив