KZ
Өскемен
-12°
пасмурно жел 1 м/с, С
503.9 603.32 6.61

Глубокое ауданында көпір қайта қалпына келтірілді – ШҚО

22.10.2025, 15:30 196 Базарова Айгүл

Глубокое ауданының Черемшанка ауылында өзен үстінен өтетін көпір жөндеуден өтіп, ауыл тұрғындарының қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Бұл жұмыстар ауыл тұрғындарының өтініші негізінде "AMANAT" партиясының қолдауымен жүзеге асты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Көпірді жөндеуге қажетті техника мен құрылыс материалдары бөлініп, жалпы құны 20 миллион теңгеден астам қаражат жұмсалды. Қазіргі таңда құрылыс толық аяқталып, көпір қайта пайдалануға берілді.

«Біздің басты мақсатымыз – тұрғындардың сұранысына уақытылы жауап беру. Черемшанка ауылындағы көпірдің жағдайы біраз уақыттан бері өзекті мәселе болып келген. Бұл жағдай мәслихаттағы фракция отырысында қаралып, жөндеу жұмыстары бақылауға алынды. Нәтижесінде көпір толық жаңарып, ауыл халқы үшін қауіпсіз әрі қолайлы жағдай жасалды», — делінген хабарламада.

Ауыл тұрғындары да атқарылған іске ризашылықтарын білдіріп отыр.

«Көп жылдан бері бұл көпір арқылы жүру қауіпті болатын. Балаларымыз мектепке барғанда, қыста мұз, көктемде тасқыннан өту қиын еді. Енді көпір жөнделіп, бәріміз үшін қауіпсіз болды. Мәслихат депутаттарына және атсалысқан азаматтарға үлкен алғысымызды білдіреміз», — деді ауыл тұрғыны Валентина Денисова.

Бұл игі іс — халық пен партия арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастықтың нақты көрінісі. Әрбір ауылдағы өмір сапасын жақсарту — "AMANAT" партиясы жұмысының маңызды бағыты болып қала береді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу