KZ
Өскемен
+1°
пасмурно жел 3 м/с, СБ
505.53 593.44 6.34

Өскеменде ұландықтар киім-кешек пен аяқ киім ұрлаған күдіктіні қолға түсірді

depositphotos.com

23.10.2025, 09:15 207 Базарова Айгүл

Өскеменде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету кезінде Ұлттық ұланның әскери қызметшілері ұрлық жасаған күдіктіні ұстады. "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінің ақпаратына сай, оқиға 21 қазан күні қаладағы сауда нысандарының бірінде болған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі. 

Дүкен қызметкерлері ұрлық дерегі бойынша 102 нөміріне хабарласқан. Оқиға орнына жедел жеткен 5518 әскери бөлімінің патрульдік тобы жоғары қырағылық пен кәсіби іс-әрекеттің арқасында күдіктіні қолға түсіріп, оны құқық қорғау органдарына тапсырды.

Тексеру барысында ұсталған азаматтың аталған дүкендерден бірнеше киім-кешек пен аяқ киімді заңсыз иемденгені анықталды. Ұрланған заттардың жалпы құны шамамен 62 000 теңгені құраған.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 2-бөлігіне («Бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру, яғни ұрлық») сәйкес іс тіркеліп, материалдар тиісті органдарға жолданды.

– Қоғамдық тәртіпті сақтау – біздің басты міндетіміз. Әрбір жағдайға жедел әрекет етіп, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – Ұлттық ұлан жауынгерлерінің кәсіби борышы. Бұл оқиғада бөлім әскери қызметшілері үйлесімді жұмыс істеп, құқық бұзушылықтың жолын кесті, – деді 2-жедел мақсаттағы батальон бөлімшесінің командирі, сержант Азат Ульянов.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу