KZ
Өскемен
-4°
пасмурно жел 4 м/с, ОШ
517.66 606.49 6.44

ШҚО-да 26 қазанда қатты жел соғады — тұрғындарға ескерту жасалды

25.10.2025, 14:30 203 Базарова Айгүл

«Қазгидромет» облыстық филиалының мәліметі бойынша Шығыс Қазақстанда алдағы тәулікте желдің күшеюі күтіледі, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Синоптиктердің болжамынша, 26 қазан күні өңірде оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетуі ықтимал.

Төтенше жағдайлар қызметі тұрғындарға сақтық шараларын жадыдан шығармау қажеттігін ескертеді. Егер жел кезінде көшеде болсаңыз, дереу жақын маңдағы ғимаратқа кіріп, қауіпсіз жерге тығылыңыз. Үйлердің қабырғаларына, аялдамалар мен жарнамалық қалқандардың жанына, сондай-ақ ағаштардың астына тығылуға болмайды.

Мамандар үзілген сымдар мен бос тұрған заттарға жақындамауға кеңес береді. Сондай-ақ көлікті шіріген ағаштардың қасына қою қауіпті екенін ескертеді.

Дауылды ескертулер туралы жедел ақпаратты «Дәрмен» тегін мобильді қосымша арқылы алуға болады.

Кез келген төтенше жағдайда 112 бірыңғай құтқару нөміріне хабарласыңыз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу