Шығыста қатты жел соғады
depositphotos.com
«Қазгидромет» Шығыс Қазақстан филиалының мәліметінше, 19 қазанда облыс аумағында жел шығыстан және оңтүстік-шығыстан соғып, екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді, деп хабарлайды Altainews.kz.
Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.
– Егер қатты жел кезінде көшеде болсаңыз, дереу ғимаратқа кіріп, қауіпсіз жерге тығылыңыз. Үйлердің қабырғаларына, аялдамалар мен жарнамалық қалқандардың жанына, ағаштардың астына жасырынуға болмайды. Үзілген сымдарға және бос тұрған заттардың қасына жақындамаңыздар, - делінген хабарламада.
Автокөліктерді шіріген немесе жалғыз тұрған ағаштардың астына қоймау ұсынылады.
Дауылды ескертулер мен өзге де төтенше жағдайлар туралы жедел ақпаратты «Darmen» тегін ұялы қосымшасы арқылы алуға болады. Бірыңғай құтқару қызметі – 112
Оқи отырыңыз