KZ
Өскемен
+18°
пасмурно жел 3 м/с, З
478.96 533.03 5.22

ШҚО-да ертең қатты жел соғуы мүмкін

Фото: ашық дереккөзден

6.04.2023, 18:31 198

«Қазгидромет» РМК ШҚ филиалының деректері бойынша, 7 сәуірде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметі халыққа сақтық шараларын мұқият сақтауды әрі абай болуды ескертеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

– Егер Сіз жел соққанда көшеде болсаңыз, дереу ғимаратқа тығылыңыз. Желден үйлердің қабырғаларына, аялдамаларға, жарнамалық қалқандардың жанына, ағаштардың астына тығылмаңыз. Үзілген сымдар мен қозғалып тұрған маңдайшаларға жақындамаңыз. Автокөлікті шіріген және жалғыз тұрған ағаштың жанына қоймаңыз, – деп ескертеді департаменттің баспасөз қызметіндегілер.

Дауылды ескертулер туралы ақпаратты «Дәрмен» тегін ұялы қосымшасын жүктеу арқылы алуға болады.

Бірыңғай құтқару телефоны – 112.

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив