Өскеменде полиция дзюдо жарысындағы төбелеске қатысты тергеу жүргізуде
Өскемен қаласында дзюдодан өткен облыстық дода үлкен даумен аяқталды. Әлеуметтік желілерде жарыс кезінде түсірілген бейнежазба тарап, онда қатысушылар, ата-аналар мен жаттықтырушылар арасындағы жанжал бейнеленгені айтылды. Желі қолданушылары сондай-ақ, төбелес кезінде бір жаттықтырушы жарақат алып, жағы сынған деген ақпарат таратуда, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Оқиға «Жекпе-жек» спорт кешенінде болған. Бейнежазба жарияланғаннан кейін ата-аналар оқиғаға байланысты үн қатып, болған жағдайға қатысты алаңдаушылық білдірді. Олар полицияның бейнебақылау камераларындағы жазбаларды тәркілегенін, бірақ тексеру нәтижелері әлі жарияланбағанын айтқан.
Бұл жағдайға байланысты Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы ресми түсініктеме берді.
Аталған мәлімдемені Өскемен қалалық полиция басқармасы да растады.
Сонымен қатар, полиция әлеуметтік желілерде тараған «жаппай төбелес болды» деген ақпараттың шындыққа жанаспайтынын атап өтті – жанжал екі адамның арасында болған.
Қала тұрғындары оқиғаға қатысты қызу пікір білдіріп, тергеудің ашық әрі әділ жүргізілуін талап етуде.
Қазір жағдай құзырлы органдардың бақылауында. Тергеу аяқталған соң, кінәлілерге қатысты қабылданған шаралар туралы ресми ақпарат беріледі деп күтілуде.
Дамир Омаров