KZ
Өскемен
+5°
ясно жел 1 м/с, С
481.84 531.33 5.07

Катонқарағайда адамдарды аяқтарынан атып тонап жүрген кім?

29.10.2019, 09:14 129

Катонқарағай ауданының Жаңа Үлгі ауылында қарулы шабуыл жасалғаны туралы ақпарат таралуда, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бейресми ақпаратқа сүйенсек, қарулы шабуыл оңтүстік аймақтардың бірінен мал сатып алуға келген адамдарға жасалған. Белгісіз біреулер оларға оқ атып, жарақаттап, алыпсатарлардың ақшаларын тонап кеткенге ұқсайды.  Зардап шегіушілердің аяқтарынан жараланғандары анықталып отыр, олар Катонқарағай аудандық ауруханасының медициналық қызметіне жүгінген.

Аяққа тиген оқ жарақатымен ауруханаға адамдардың келгенін дәрігерлер де растап отыр. Оқиға шамамен осыдан 2-3 күн бұрын болған. Бірақ жарақат алған адамдардың қай жақтан келгені, кімдер екені нақты белгісіз.

-Иә, ондай оқиға болған. Біз оларға ем-дом көрсетіп, қоя бердік, - дейді аурухананың бас дәрігері Арқабек Қадырбаев.

Бұл оқиғаға қатысты ШҚО Полиция департаменті жақын арада ресми ақпарат беруге уәде етті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив