KZ
Өскемен
+1°
ясно Штиль
479.23 534.96 5.16

Суицид жасамақ болған колония қызметкеріне қатысты Бас прокуратура түсініктеме берді

17.10.2019, 15:27 170

Естеріңізге сала кетсек, ШҚО Қылмыстық атқару жуйесі ОВ 156/2 тузеу мекемесі басшысының тәрбие жұмысы бойынша орынбасары өз үйінде асылып қалғаны туралы жазған едік. Осы оқиғаға қатысты ҚР Бас прокуратурасы түсініктеме берді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі Total.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға 14 қазан күні Өскемен қаласында болған. 39 жастағы майор Т. Амантаев үйінің жер асты жайында өз-өзіне қол жұмсамақ болды. Арқанға асылып тұрған жерінде оны жұбайы көріп қалып, дер кезінде жедел жәрдем шақыртқан. Қазір ол жансақтау бөлімінде ес-түссіз жатыр. Жағдайы аса ауыр. Механикалық асфиксия салдарынан 2-ші деңгейдегі комаға түскен.

Т. Амантаевтың жұбайы А. Амантаева болған жағдайды баяндап, ҚР Президентіне үндеу жариялаған видео таратты. Айтуынша, жолдасының мұндай қадамға баруына жұмысындағы жағдай себеп болған екен.

ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі бұл оқиғаға қатысты ақпарат беріп отыр.

- "БАҚ және әлеуметтік желілерде ШҚО Қылмыстық атқару жуйесі ОВ 156/2 тузеу мекемесінің қызметкері Т. Амантаевтың жұбайы А.Амантаеваның бейнеүндеуі жарияланды. Сотталушы А.Кондратенконың өз-өзіне қол жұмсауына қатысты қозғалған қылмыстық іс бойынша тексеру жүргізген арнайы прокурор А.Таштеновтың тарапынан көрсетілген психологиялық қысымнан кейін колония қызметкерінің суицид жасамақ болғаны туралы айтылып жатыр. Қазір бұл оқиғаға қатысты Ішкі істер органдары тексеру жүргізуде", - деп көрсетілген баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив