KZ
Өскемен
+4°
небольшая облачность жел 1,3 м/с, В
481.84 531.33 5.07

Әлеуметтік желіде бала органдарын сату туралы бейнежазба таралды (ВИДЕО)

3.10.2019, 09:15 147

Кешеден бері WhatsApp, Facebook әлеуметтік желілерінде балалардың органын саудалау туралы бейнежазба таралып жатыр. Бұл оқиға жуықта Қытайда болған деседі. Қылмыстық топтың көлігінен мұзға қатырылған баланың мәйіті табылған екен, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бейнежазбада баланың туыстары көз жасын көл қылып, сәбидің мәйітін мұз салынған контейнерден алып шығуда. Ал оқиға орнына жиналған куәгерлер мұндай сұмдық қылмысқа барғандарды соққыға жықты.

Бұл ақпарат лезде Қазнетте ғана емес, басқа елдерде де әлеуметтік желі арқылы таралып, жаға ұстатар жаңалыққа айналды. Тіпті, кейбір ақпараттық сайттар да оны жариялауда. Алайда, бұл хабар жалған ақпарат екені анықталып отыр. Бейнежазба осыдан 3 жыл бұрын ғаламтор желісінде таралған екен.

Қытай елінің сайттарында мұндай ақпарат жоқ көрінеді. Ал дәл осы видео www.channelnewsasia.com сайтында 2017 жылдың шілде айында жаряланыпты. Ондағы ақпаратқа сүйенсек, оқиға Сингапурде болған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив